Кондиционерлер
Кондиционерді тазалау және қызмет көрсету
Жөндесек, диагностика тегін; бағаны шебер шықпай тұрып телефонмен айтамыз.
Сплит-жүйеден сыз иісі шықса, су тамса немесе кондиционер қаттырақ шуылдап, әлсіз үрлей бастаса, Алматыда оны тазалап береміз. Тазалау мен профилактиканы әр ішкі блокқа бөлек есептейміз, сыртқы блокты жууды бөлек. Ақау болмаса да, қызмет көрсетуге тапсырыс беруге болады: ыстық басталғанша, кондиционер әлі күнде керек емес кезде.
Кондиционерді тазалауға қашан шақырады
- Кондиционер өткен жаздан бері қосылмағанҚыс бойы жиналған шаң бөлмеге ұшпауы үшін алғаш қосар алдында блокты тазалаймыз.
- Сыртқы блок мамыққа толғанЖаз басында торды терек мамығы бітейді. Ыстықта кондиционер қызып кетпеуі үшін блокты жуамыз.
- Пәтерде жөндеу аяқталдыКондиционер сөндірулі тұрса да, құрылыс шаңы сүзгілерге және жылуалмастырғышқа қонады.
- Кеңседегі немесе кафедегі кондиционерлерБлоктар күні бойы жұмыс істейді, кір тезірек жиналады. Әр блокты прайс бойынша есептейміз, ұйымдар қолма-қолсыз төлейді.
- Кондиционерге не болғаны түсініксізШуылдайды, өздігінен сөніп қалады немесе индикаторы жыпылықтайды. Алдымен мәселенің неде екенін анықтаймыз, содан кейін жұмыс бағасын айтамыз.
Алматыда кондиционерді тазалау және қызмет көрсету бағалары
Тазалау және қызмет көрсету
- Тазалау және профилактика, 1 блок8 000 ₸‑ден
- Сыртқы блокты жуу5 000 ₸‑ден
Баға жұмыс үшін. Қосалқы бөлшектер, фреон және материалдар бөлек төленеді.
Диагностика — 3 000 ₸‑ден, жөндесек — тегін.
Бағалар 12.11.2026 жаңартылды
Шақыру қалай өтеді
- Сіз қоңырау шаласыз немесе WhatsApp-қа жазасыз
Не болғанын айтыңыз. Суретін жіберуге болады.
- Баға мен келу уақытын айтамыз
Телефонмен, шебер шықпай тұрып.
- Шебер келеді
Алматы бойынша орта есеппен 20–30 минутта, қарбалас уақытта ұзағырақ. Талғарға 40–60 минутта, Қонаевқа (Қапшағай) 1–1,5 сағатта.
- Жұмыс және төлем
Диагностика — 3 000 ₸‑ден, жөндесек — тегін. Қолма-қол, Kaspi арқылы немесе картамен төлейсіз, заңды тұлғаларға — қолма-қолсыз.
Сплит-жүйені тазалау: ішкі және сыртқы блок
Бөлменің бүкіл ауасы ішкі блок арқылы өтеді. Шаң, ас үйдің майы мен ылғал сүзгілерге, жылуалмастырғышқа және конденсат науасына қонады, ал дымқылда онда зең пайда болады. Қосқандағы иіс осыдан.
Бір ішкі блокты тазалау және профилактика 8 000 ₸‑ден тұрады. Нақты нені тазалайтынын шебер блокты көргенде айтады.
Сыртқы блок көшеде ілулі тұрады, оның торын шаң, мамық және жапырақ бітейді. Сыртқы блокты жуу 5 000 ₸‑ден. Ол таза болса, жуудың қажеті жоқ, шебер орнында айтады.
Кондиционерді жуу: өзіңіз не істей аласыз
Ішкі блоктың алдыңғы панелінің астындағы торлы сүзгілерді шеберсіз де алып, жылы сумен жууға болады. Маусымда мұны екі-үш апта сайын бір рет істеген жөн. Сүзгілерді қалай алу керектігі кондиционердің нұсқаулығында көрсетілген. Жылуалмастырғыш пен дренажға блокты бөлшектемей жету мүмкін емес, бұл енді шебердің жұмысы.
Кондиционер диагностикасы
Кейде мәселе кірде емес: кондиционер қосылғаннан бірнеше минут өткен соң сөніп қалады немесе дисплейде қате кодын көрсетеді. Ондайда шебер диагностика жасап, жұмысты бастамас бұрын не керек екенін айтады: тазалау, фреон толтыру немесе жөндеу. Жөндесек, диагностика тегін.
Қай жерде жұмыс істейміз
| Жер | Келу уақыты | Жұмысқа қосымша ақы |
|---|---|---|
| Алматы | 20–30 мин | қосымша ақысыз |
| Талғар | 40–60 мин | 3 000 ₸‑ден |
| Қонаев (Қапшағай) | 1–1,5 сағ | 7 000 ₸‑ден |
Алматыда барлық аудандарға барамыз:
- Алатау
- Алмалы
- Әуезов
- Бостандық
- Жетісу
- Медеу
- Наурызбай
- Түрксіб
Қарбалас уақытта жол ұзағырақ. Қала сыртына шақырсаңыз, жұмыс бағасына қосымша ақы қосылады.
Сұрақ-жауап
Кондиционерді тазалау қанша тұрады?
Бір ішкі блокты тазалау және профилактика 8 000 ₸‑ден, сыртқы блокты жуу 5 000 ₸‑ден. Блоктар бірнешеу болса, қоңырау шалғанда санын айтыңыз, соманы есептеп береміз.
Кондиционерді қаншалықты жиі тазалау керек?
Әдетте жылына бір рет, ыстық басталар алдында. Кондиционер күні бойы жұмыс істесе, ас үйде тұрса немесе терезелер жолға қараса, кір тезірек жиналады, оны жиірек тазалау керек.
Тазалау мен қызмет көрсету әртүрлі қызмет пе?
Прайста бұл бір позиция: тазалау және профилактика, баға бір блокқа. Сыртқы блокты жууды бөлек есептейміз.
Шебер келгенге дейін не дайындау керек?
Ішкі блокқа жол ашып, астындағы судан бүлінетін заттарды алып қойыңыз. Сыртқы блок балконда ілулі болса, балконға кіру керек болады.
Кондиционерге қатысты басқа жұмыстар
- Орнату30 000 ₸‑ден
- Фреон толтыру7 000 ₸‑ден
- Салқындатпайды5 000 ₸‑ден
- Компрессорды ауыстыру10 000 ₸‑ден
- Кондиционерлер бойынша барлық жұмыстар